ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде «ұлттық алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпарат тарату жолымен жасалған іс-әрекеттер» қаралған.
«С.Бәйкенов 2015 жылғы 9 қаңтарда «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпаратты тарату жолымен азаматтардың ар-намысын қорлауға бағытталған жазбалар жариялады. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысына сәйкес С.Бәйкеновке қатысты 2 ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.