Астана соты бұрынғы ҚР денсаулық сақтау министрін қамауға алу туралы шараны өзгертусіз қалдырды

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астана қаласының соты бұрынғы ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шараны өз күшінде қалдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы Олег Иовов хабарлады.

«Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қамауға алу туралы шараны өзгертусіз қалдырды», - деді ол. Сот отырысы бейсенбі, қазанның 21-і күні болып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министріне қызмет бабын асыра пайдалану мен аса ірі мөлшерде пара алу туралы айып тағылып отыр.