Еске сала кетейік, «Астана» спорт мектебі өткен маусымда үш алтын, екі күміс және екі қола медаль еншілеген болатын. Аталмыш мектептің тарихында бұл алғашқы ірі жетістік. Үздік мектеп дипломын ҚР Хоккей федерациясы халықаралық бөлімінің басшысы Серік Иманбаев тапсырды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған «Астана» спорт мектебінің тәрибеленушісі Томирис Оспанова үздік қорғаушы атағын жеңіп алды.
12:50, 19 Мамыр 2015
«Астана» спорт мектебі еліміз бойынша үздік деп танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Хоккей федерациясы 2014-2015 жж. маусымның нәтижесі бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған «Астана» спорт мектебін еліміздің үздік хоккей мектебі деп таныды, деп хабарлайды astana.kz.