«Астана» спортшылары велокоманданы таныстыру үшін елордаға келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең ерте елорда әуежайына Президент клубының құрамына кіретін «Астана» кәсіби велокомандасының спортшылары мінген рейс келіп қонды, деп жазды Sports.kz.


Бүгін кешке өтетін жаңа маусымның таныстырылымына қатысу үшін Қазақстанға «Астана» толық құрамда келді. Сапар барысында жарысқа қатысушылар балалар үйіне барады, елордалық спорт мектептерінің бірінің тәрбиеленушілерімен кездеседі. Велокоманданы таныстыру елдің спорттық өміріндегі маңызды оқиға болып табылады.

 

Атап өтсек, өткен маусымда «Астана» спортшылары жоғары деңгейдегі халықаралық жарыста, оның ішінде «Джиро д'Италия» супервелокөпкүндікте  34 рет  табысын мерекеледі.

 

ФОТО: sports.kz, vesti.kz