Әлеуметтік желілерде «Астана» станциясында қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Мәліметке сәйкес, марқұм электромеханик болып жұмыс істеген.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, жазатайым оқиға 14 маусым күні болған.
— Жазатайым оқиға фактісі бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының қорытындысы бойынша анықталады. «ҚТЖ» ҰК АҚ тергеу жүргізуге қажетті қолдау көрсетіп, қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — деп хабарлады ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, былтыр теміржолда 44 адамды пойыз басып, оның 27-сі қаза тапқан.