Шара осыдан бір ай бұрын жарияланған кезектен тыс президенттік сайлауды қолдауға арналған «Менің даусым алғашқы! Менің даусым маңызды!» атты жастар акциясы аясында ұйымдастырылды.
Акция, бастамашылардың айтуынша, 18 жасқа толған және сайлауға бірінші рет қатысқалы отырған барлық азаматтарды сайлауға қатысуға, жастарды өз болашағына деген немқұрайдылыққа жол бермеуге және мемлекетінің патриоты болуға үндейді.
Шара ұйымдастырушылары сайлау кезінде жастардың белсенділігін арттыру мақсатында кешенді шаралар ойластырып қойған.
«Акция кезінде біз жастарға бағытталған ерекше шаралар жасадық. Насихаттық жұмыс аясында «мұз шоуы», флэш-моб шаралары және елордадағы түнгі клубтардың бірінде «Сайлау патти» ұйымдастырылды. Студенттер арасында үлкен қызығушылыққа ие болған «инкаунтер» ойыны өткізілді. Қазіргі таңда бұл бастаманы республиканың ірі жоғарғы оқу орындары: Павлодар гуманитарлық университеті, Қазақстан-Британ университеті, ҚазҰУ, Солтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті қолдау білдірді», - деді шараның белсенді мүшесі Сандуғаш Боранбекова.