Ұжымға бұл сыйлықты «Астана су арнасы» МҚК басшысы Табиғат Зейнолқабден жасады, деп хабарлады компанияда.
Граффити-сурет компанияға тиесілі ғимараттардың бірінің алдыңғы жағында орналасқан. Қабырғада су өткізу кранынан тамып жатқан су тамшысы бейнеленген. Бұл сурет барлық тұтынушыларды табиғи ресурсты үнемдеуге шақырады.
Картинаның авторы - скульптор-суретші Асылбек Мамырбаев ауа райының қолайсыздығына қарамастан картинаны уақытылы бітіргенін тілге тиек етті. Енді қала қонақтары мен тұрғындары граффитидің фонында селфи жасай алады.