Кәріздендіру қызметі бойынша жалпы дебиторлық берешек маусымның ортасына дейін 176,7 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде: жеке тұлғалар - 65,4 миллион теңге, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары - 109,6 миллион теңге, бюджеттік ұйымдардың қарызы - 1,7 миллион теңге.
Сот органдарына жеке тұлғаларға қатысты 11,2 миллион теңгеге 182 талап арыздары берілген. Заңды тұлғаларға - 71,7 миллион теңгеге 87 талап арыз берілген, оның ішінде 5,3 миллион теңге төленген.
«Коммуналдық бригадалар 3 ай төлемеген тұтынушыларды ескерту берілгеннен кейін сумен жабдықтау орталық желісінен сөндіреді. Сотқа дейін реттеу тәртібінде жеке тұлғаларға 64,6 миллион теңгеге 16 691 ескертулер берілген. Олар 17,2 миллион теңгені төлеген. Ал заңды тұлғаларға 93,0 миллион теңгеге 283 ескертулер берілген, оның ішінде 113 ұйым 12,2 миллион теңге қарыздарын өтеген.Сумен жабдықтау желісінен сөндіру және қарыздары туралы ескертулер телефон бойынша хабарланады», делінген кәсіпорынның хабарламасында.