Жемқорлыққақарсы қызмет таратқан мәліметтерге қарағанда, Досаев мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры болып жұмысістеп жүрген кезінде қарамағандағы қызметкер арқылы «Технополисжилстрой»ЖШС-нің басшысынан «Жас отбасы-2» тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер және 60мың доллар көлеміндегі параны жылжымайтын мүлікті ЖШС-ге беру қосымшакелісімшартын жасағаны үшін алған.
«Биылғыжылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Досаев 7 жылға бас бостандығынанайырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен түзеумекемесінде өтейді. Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметатқару құқығынан айырылды», - деп атап өтеді ведомстводан.