Астана су қоймасында күшті жел алып кеткен 2 серфингші құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысы Аршалы кентіндегі Астана су қоймасында серфинг теуіп жүрген екі жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚР Төтене жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: видеодан салынған кадр

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда олар 1997 және 1998 жылы туған екі жігіт күшті жел салдарынан өз бетінше жағаға қайта алмай қалған және, 112 нөмірі арқылы көмек сұраған.

- Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оларды жағадан 20 метр қашықтықта тауып, аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ,-делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Осыған дейін құтқарушылардың Бозжыра маңында балшыққа батқан екі туристік автобусты шығарғаны туралы жаздық.