Қала әкімдігінің сайтының хабарлауынша, «Астана-Зеленстрой» АҚ 40 субұрқақ кешеніне, 112 субұрқаққа қызмет көрсетеді, «Алматы» ауданында - 14, «Есіл» ауданында - 16, «Сарыарқа» ауданында - 10 субұрқақ кешені бар.
Су шаруашылығы құрылыстарын қысқа дайындау ауа температурасы нольді құрағанда басталады. Себебі аяздың салдарынан техника бүлінуі мүмкін. Субұрқақтарды консервациялау жөніндегі мамандардың жұмысы қиын, оларға 1 айға жуық уақыт қажет. Тиісті жұмыстар 1 қарашада аяқталады.
Қазіргі кезде 30 субұрқақ пен 4 субұрқақ кешені қысқы кезеңге толық дайын. Атап айтқанда, Музыкалық субұрқақ, Сулы-жасыл желекжолындағы субұрқақтар кешені, «АқОрда», Ғашықтар, Арай және т.б. саябақтардағы субұрқақтар.