— Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қалалық коммуникациялар қызметі ұйымдастырады. Оған Қазақстанның барлық журналисі қатыса алады. Байқауға Астана туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 16 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады, — делінген хабарламада.
Әр қатысушы байқауға бір ғана материал және тек бір номинация бойынша ұсына алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік журналист-талдаушы» — Астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына арналған, баспа басылымдарында жарияланған сараптамалық материалдар;
- «Үздік шолушы» — интернет-басылымдарда жарияланған Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдар, сондай-ақ заңдылық, қоғамдық тәртіп, вандализм, нашақорлық, лудомания және елордадағы өзге де әлеуметтік мәселелерге қатысты жарияланымдар;
- «Үздік радиорепортаж» — Астана туралы радиоматериалдар;
- «Үздік телевизиялық сюжет» — урбанистика, қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализмнің, нашақорлықтың, лудоманияның алдын алу және өзге де келеңсіз құбылыстарды қамтитын қала өмірі туралы телесюжеттер;
- «Үздік мобилограф» — мобильді түсірілім арқылы әзірленген мегаполис өмірі туралы бейнероликтер;
- «Аэрофото және ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып түсірілген елорда туралы үздік бейнешолу» — қаланың сәулеттік келбетін, инфрақұрылымдық дамуын, қоғамдық кеңістіктерін және тіршілік тынысын көрсететін аэрофото түсірілім негізіндегі бейнематериалдар;
- «Жасанды интеллект көмегімен әзірленген елорда туралы үздік видео» — Астананың дамуын, сәулетін, қоғамдық кеңістіктерін, әлеуметтік бастамаларын және қалалық ортасын көрсететін жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған бейнематериалдар;
- «Үздік фоторепортаж» — Астананың заманауи келбетін, қарқынды дамуын, қалалық өмірін, сәулеттік ерекшелігін және мегаполис ырғағын бейнелейтін фотожұмыстар. Негізгі назар көрікті орындарға, қоғамдық кеңістіктерге, мәдени іс-шараларға, абаттандырылған аудандар мен urban-мәдениетке аударылады;
- Әлеуметтік желілердегі үздік материал — Facebook, Instagram және TikTok желілеріндегі танымал топтар мен парақшаларға арналған арнайы номинация.
Жеңімпаздарды елордадағы белгілі журналистер, медиа-сарапшылар мен сала өкілдерінен құралған комиссия анықтайды. Үздік жұмыстар ақшалай сертификаттармен марапатталады: бірінші орынға — 1 миллион теңге, екінші орынға — 700 мың теңге, үшінші орынға — 500 мың теңге табысталады.
Өтінімдер 2026 жылғы 16 маусымға дейін baq.baikauy@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты: 8 778 603 90 94 телефоны арқылы алуға болады.