«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей қатынайтын пойыз іске қосылады

Фото: ҚР Көлік министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей қатынайтын пойыз іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

№122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон — 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады.

-Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарын жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді. Пойыз күнара жүретін болады, - делінген хабарламада.

Осыған джейін пойызда жасауға тыйым салынған әрекеттер туралы жаздық.