Астана тамыздың 16-сында Спорт күнін атап өтеді

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Тамыздың 16-сында Астанада «Спорт - баршаға!» деген ұранмен Спорт күніне арналған іс-шаралар өтеді. Бұл шараны Астана әкімдігі мен елордалық туризм және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

Тамыздың 16-сында елорданың барлық  спорт алаңдарында   спорттың  кез-келген түрімен  айналысу  мүмкіндігі   жасалады,  бұл  күні барлық спорт нысандарында ашық есік күні  болады.

Есіл,  Сарыарқа,  Алматы  аудандарында, атап айтқанда   сағат 10.00  бастап - Оқушылар  сарайының алдында, сағат  11.00 бастап -  «Астана саябағы»   аллеясында,    сағат 12.00 бастап - «Отан қорғаушы»  алаңында  балалар  үшін, жастар мен  ересектер  үшін      бұқаралық     дене шынықтыру  шаралары  өтеді.