Бау-бақтардағы, жол бойындағы, ауладағы алтын жапырақтары көздің жауын алатын сұлу қайыңдар, оларды түрлендіре түскен қарағай мен шыршалар өзіне тартады. Ал көкке бой созған, сәні мен салтанаты жарасқан ғимараттарды айтсаңызшы.
Алыс та жақын елдерден келген қонақтардың да тамсанып, таңдай қағары, жолы түссе ай сәулелі Астанаға қайта бір оралуға тырысары да анық. Ал қала тұрғындарының тыныс-тіршілігі де қалыпты. Таңертең ерте жұмысқа асықан жандар, әсем жолдарда ары-бері ағылып жатқан көліктер.
Ал саябақтарда - нағыз алтын күз. Ғажайып маусымның сұлулығы тап осы жерден басталатындай.