«Астана Тайгерс» баскетболдан Қазақстан кубогін еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Щучинск қаласында баскетболдан қыздар арасындағы Қазақстан кубогінің иегері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кубоктік доданың финалында «Астана Тайгерс» және «Ертіс» командалары кездесіп, астаналықтар айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Матчтың қорытындысы есебі - 71:32.

Ал қола медальді «Астана Тайгерс» жастар командасы еншіледі.

Турнир қорытындысы бойынша Надежда Кондракова, Залина Куразова, Анастасия Алишаускайте-Лопатина («Астана Тайгерс»), Анна Винокурова және Ганна Рулевалар («Астана Тайгерс» жастар командасы) үздік ойыншы деп танылды.