Ұзындығы 195 шақырым болатын кезең Поркари қаласынан басталып, Кьявари қаласында мәресіне жетті.
Кезең жеңімпазы атанған – UAE Team Emirates XRG командасының эквадорлық шабандозы Джонатан Нарваэс. Екінші болып Movistar Team сапындағы испаниялық Энрик Мас келді.
Қазақстандық команданың тағы бір өкілі Кристиан Скарони кезеңді алтыншы орынмен аяқтады.
11-кезең қорытындысы бойынша XDS Astana Team командалық есепте көшбасшылықты сақтап қалды.
Ал жалпы есепте 11 кезеңнен кейін Bahrain Victorious командасының португалиялық велошабандозы Афонсу Эулалиу алда келеді.
Айта кетейік, XDS Astana Team спортшылары биылғы «Джиро д’Италия» жарысында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін Давиде Баллерини көпкүндіктің алтыншы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.
Сонымен қатар Томас Сильва жарыстың екінші кезеңінде топ жарып, екі күн бойы көшбасшының қызғылт жейдесін иеленді. Ол бұған дейін де «Джиро д’Италияның» бесінші кезеңінде үшінші орын алып, жүлдегерлер қатарына енген еді.
Бұған дейін Алматыда 200-ден астам адам велошеруге қатысты.