Жаңа басшыны телеарна ұжымына бүгін «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры Ержан Байжанов таныстырды.
Ләззат Мұратқызы Танысбай 1973 жылы 11 қазанда туған. Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қазақ республикалық телевизиясында - «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясында редактор болып бастады. 1994-1996 жылдары - «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының Ұлттық телевизиялық және ақпараттық агенттігінің репортажшысы, жүргізушісі болды.
1996-2001 жылдары - «Хабар» агенттігі республикалық мемлекеттік кәсіпорны жаңалықтар қызметінің редактор-жүргізушісі. 2001-2002 жылдары - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ Астана қаласындағы орталық бюросының атқарушы продюсері.
2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі баспасөз қызметінің бас сарапшысы. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.
2004-2005 жылдары - Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі. 2005 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің бас инспекторы.
2005 жылғы қыркүйектен - Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2006 жылғы наурыздан 2008 жылғы қазанға дейін - Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары.
2008 жылғы 17 қазаннан 2011 жылғы 4 қарашаға дейін - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылғы 4 қарашадан бастап - ҚР байланыс және ақпарат вице-министрі.
Телеарнаның бұрынғы басшысы Қайсар Жаңаханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.