«Астана - Теміртау» тасжолы 2016 жылы салынып бітеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Жалпы ұзақтығы 171 шақырым жол жеті лотқа бөлінген. Қазіргі кезде бес лот бойынша бас мердігерлермен келісім-шарт жасалды, қалған екеуі үстіміздегі жылы өткізіледі", деп жазады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ресми сайты.

"Өткен жылы 6,3 км бөлігінде бір бағытта цемент-бетон жамылғысы төселді, 2014 жылы екі бағытта да 22 км жамылғы төсеу жоспарлануда. Жол 4 жолақты І техникалық категорияға ауыстырылады. Биыл ұзақтығы 12 км бөлігін пайдалануға тапсыру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы толықтай аяқтау жоспарланған.

Қазіргі кезде қайта салу жұмыстарына 335 техника жұмылдырылып, 846 жұмыс орын ашылды", делінген хабарламада.