«Астана-Темрітау» және «Астана-Павлодар» бағытындағы жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласынан Теміртауға дейінгі және Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ikomek қызметі 23 ақпандағы 22:00-дегі ахуал бойынша күн райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының күрт төмендеуі, көктайғақ) «Экатеринбург-Алматы» республикалық автожолының 1291-1426 шақырымы аралығы, яғни Астана қаласынан Теміртау қаласына дейінгі аралықтағы жолда көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелгенін мәлім етті.

Одан бөлек, 22:00-ден бастап күн райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының күрт төмендеуі, көктайғақ) «Астана-Ерейментау-Шідерті» республикалық автожолының 16-200 шақырымы аралығы, яғни Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралықтағы жолда көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелгені хабарланды.