АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 сәуір күні Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде аралас жекпе-жек түрлерінен WFCA 35 турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елорда төрінде өтетін жекпе-жек кеші аясында жиырма жұп өзара күш сынасады. Турнирдің басты айқасы жеңіл салмақтағы Хусейн Халиев (Грозный, «Ахмат» клубы) пен бразилиялық Вальмир Лазаро арасында өтпек. Жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-ге жоспарланған.
Астаналық көрермендер алдында аса жеңіл салмақтағы белбеу иегері Саид Нурмагомедов те өнер көрсетпек. Сонымен қатар, жанкүйерлер жергілікті Василий Тахтай, Диас Ерінғайыпов, Руслан Серікпулов, Гойти Дазаев, Фаниль Рафиков сынды файтерлердің жекпе-жегін тамашалай алады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.