Астана төрінде Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған театрландырылған-концерттік қойылым болады

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Ертең, 15 қазан күні (сағат 18-00) Астана қаласындағы Президенттік мәдениет орталығында Қазақтың халық композиторы, атақты күйші Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған театрландырылған-концерттік қойылым өтеді.

ҚР Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен болатын осы мәдени шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары шақырылып отыр.

Танымал домбырашылар Динаның күйлерін орындайды.