деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорда күніне арналған өнер кешінде түрлі тақырыпқа арналған әзіл-сықақтар орындалып, адамдардың күнделікті тірлігінде кездесетін қызықты жайттар сахнадан көпшіліктің өз назарына ұсынылады. Күнделікті күйбең тіршілікте бірді бірге жалғап жүрген жұмыр басты пенденің көп арманының қайсыбірі орындалған? Оны кейде тағдырдан, кейде өзімізден көреміз. Ал кейде сәті түскенімен, қолдың қысқалығы немесе адымның өлшеулілігінен опынып жатамыз. Сондайда кейде қамығып, кейде шарасыз «Әттең, тонның келтесі-ай...» деп қоямыз. Көнбіс, төзімді халық бұл тіркесті қым-қуыт тіршіліктің қыры мен сырының түйініндей мәтелге айналдырып жіберді. Бір күнінен бір күні қызықты елордада осы аттас қызықты кеш өткізілгелі отыр. Бұл кешті ел ішіндегі түрлі әзіл-сықақ отауларының серкелері Берік Тұрсынбеков пен Нұржан Төлендиев жүргізеді. Мерекелік ойын-сауықтың сәнін Роза Рымбаева бастаған Жанар Айжанова, Мәдина Сәдуақасова және басқа жаңа танылып келе жатқан әншілер, Жазира мен Жанболаттың дуэті, «Алтын самұрық» тобы әрлей түседі.
14:33, 20 Маусым 2009
Астана тойында «Әттең, тонның келтесі-ай...» әзіл-сықақ кеші өтеді
АНА. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 4-і және 6-сы күндері Астанадағы Конгресс-Холл сарайында «Әттең, тонның келтесі-ай...» ойын-сауық және сазды бағдарламасы өтеді,