Қала маңындағы «Жібек Жолы» ауылында Қарағанды, Семей, Теміртау, Павлодар, Шахтинск және Астана қалаларынан жиналған ит асыраушылар сенімді серіктерін сынға салды.
Иттер мен олардың иелері бірнеше жарыс түрлеріне қатысты. Жарыс қашықтығы 602 метрден 1 шақырымға дейін жетті. Иттер жегілген шаналарға үлкендермен қатар кішкентай балалар да отырып, өнер көрсетті.