«2008 жылы заңсыз салынған құрылыстарды бұзу туралы 15 сот шешімі шықты. 2014 жылы 30 қыркүйекте Қоянды ауылдық округінің әкімі Целиноград аудандық сотына заңсыз алынған жер учаскелері туралы 6 арыз берген», - деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қоянды ауылында 12-ден астам жер телімі босатылды.
14 қазанда Целиноград ауданының жергілікті атқару органының күшімен Целиноград ауданының Қоянды ауылдық округінде заңсыз салынған кейбір құрылыстар бұзылды, сонымен бірге Шұбар ауылында жер уческелерін өз еркімен басып алудағы заң бұзушылықтар жойылды.
Еске сала кетейік, Астана қаласының қала маңында 30 шақырымдық аумақтағы елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беруге мораторий жарияланған.