Астана түлектеріне «Алтын белгілер» табысталды
Астана әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, биыл сондай-ақ 373 түлек үздік аттестат алды.
«Биыл мектептерден дарынды балалар түлеп ұшуда. Мысалы, Астанадағы № 9 «Зерде» дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Нұрәли Сарбақышты бірден әлемнің 7 университеті оқуға шақырды. Ал Құдайбергенов Әлихан мен Шаяхметов Ерарслан - математикадан барлық халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Кемел Нұрдәулет физикадан барлық халықаралық олимпиадаларда алтын медаль жеңіп алған. № 60 мектеп-лицейінде білім алған Вандейкастель Синтия Сулуу - француз тілінен республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері атанған. Мұндай ақылды, мықты оқушылар саны жыл өткен сайын артып келеді. Әрине, бұл бізді қуантады. Біз оларды мақтан тұтамыз», - деді Ә. Исекешев.