Астана тұрғыны аялдамада автобустың алдыңғы әйнегін сындырды
19:50, 16 Қараша 2023
Автобустың алдыңғы әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға 16 қараша таңғы сағат 05:50–де болған.
Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды.
Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адам «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.