2015 жылғы 1 - 28 ақпан аралығында Астана қаласының тұрғындары қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін қарыздарын өсімақысыз өтеуге мүмкіндік алады. Ол үшін компанияның абоненттік бөлімдеріне хабарласып, кассаға қарыздарын төлеуге болады немесе аталмыш бөлімге төлемді растайтын түбіртекті көрсетіп, өсімді жоя алады. Төлемді өтеген кезде жеке куәліктің болуы шарт.
Заңды және жеке тұлғалар үшін абоненттік бөлімдер келесі мекенжайларда орналасқан:
- "Сарыарқа" ауданы, Сарыарқа даңғылы 48. Телефоны: 31-60-97;
- "Алматы" ауданы, Б. Момышұлы даңғылы 10, "Рахмет" СҮ, 11 кеңсе. Телефоны: 42-46-56;
- "Есіл" ауданы, Сауран көшесі 1 "Г". Телефоны: 54-25-36.