«Тұрғындардың тек «Астанаэнергосбыт» алдындағы қарызының өзі 1,6 млрд. теңгені құрайды. Су және кәріз желілері үшін - 270 млн. теңге, лифт қызметі үшін - 16 млн. теңге, газбен қамтамасыз етуге 34 млн. теңге берешегі бар», - деп атап көрсетті В. Крылов.
Оның пікірінше, қала билігі тұтынушылардан қарыздарды өндіріп алу бойынша тиімді жұмыстар атқаруы тиіс, коммуналдық төлемдер үшін әдейі ақша шығындамайтын заңды және жеке тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялау бағытында белсенді шаралар қабылдауы қажет.