Астана тұрғындары үшін Қала күніне арналған шараларды іздеу жеңілдетілді
03:30, 28 Маусым 2012
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Астананың 14 жылдығын мерекелеуге орай көптеген шаралар жоспарланып отыр. Бұл ашық алаңдардағы концерттер, көрмелер, мәдени-бұқаралық және спорт шаралары.
«Бәйтерек» баспасөз орталығының хабарлауынша, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Қала күнінде өтетін барлық шаралар жазылатын арнайы «жалаушамен» белгіленген maps.astana.kz порталы құралды. Осы белгі арқылы шараның мекен-жайы мен өтетін уақытын, сондай-ақ ыңғайлы жету маршруттар туралы оңай білуге болады.