Астана тұрғындарын қоғамдық көлік мәселелерін талқылау үшін әкімдікке шақыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында жолаушылар көлігін дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

12 қаңтарда елорда әкімдігі ғимаратында қоғамдық көлікті дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Күн тәртібінде азаматтардан келіп түскен көлік мәселелерін тиімді шешу мен оңтайландыру бойынша ұсыныстар қаралады.

Барлық қатысамын деушілерге - есік ашық. Шара сағат 11.00-де басталады. Толық ақпаратты 55-67-45 телефоны арқылы білуге болады.