соның ішінде Алматы ауданы бойынша 365 530 (45,9%), Есіл ауданы бойынша 109 033 (13,7%), Сарыарқа ауданы бойынша 321 238 (40,4%) адамды құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
2013 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласы халқының жалпы саны 17 603 адамға, соның ішінде Алматы ауданы бойынша 1 848, Есіл ауданы бойынша 6 296, Сарыарқа ауданы бойынша 9 459 адамға көбейді.
2013 жылдың қаңтар-шілдесінде халықтың табиғи өсімі 10 625 адам, көші-қон өсімі 6 978 адам болды.
2013 жылдың қаңтар-шілдесінде жалпы Астана қаласы бойынша 12 634 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5% артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 18,8% көтерілді және 10 625 адамды құрады.
Осы аралықта қалада 2009 адам қайтыс болды, бұл 2012 жылдың қаңтар-шілдедегі көрсеткіштен 4,1% төмен.
«Қаңтар-шілдеде 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің 106 жағдайы тіркелді, бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 23 жағдайға аз»,- делінген ақпаратта.
Халық өлімінің негізгі себептері топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары (37%), өскіндер (17,8%), жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану 15,6% алады.
2013 жылдың қаңтар-шілдедегі АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%, ажырасулар саны 14,5% артты.