Елордалық ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық әрекеттерді жасаған 1996 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдіктінің зардап шегушілердің жеке мәліметтерін білгендігін, яғни, зардап шегушілермен бірге бір мекемеде қызмет етіп, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткендігі анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІД Тергеу бөлінісі азаматтарға қатысты алаяқтық жасау фактісі бойынша 25 қылмыстық істі тергеуде. Әрбір жағдайда келтірілген залал соммасы 10000-нан 50000 теңге аралығында.
Астана қаласы ІІД азаматтарды мұқият болуға және жеке мәліметтерді ешкімге бермеуге кеңес береді.