Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.
Мәселен, бір тәулікке қамауға алу әкімшілік жазасына қаланың 32 жастағы тұрғыны көп қабатты үйдің ауласында шекілдеуік шағып, оны көпшілік жүретін жерге шашып, айналаны бүлдіргені үшін тартылды.
Қаланың Есіл аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері 44 жастағы тұрғынды ұстады. Ол халық көп жүретін жерде бейәдеп, былапыт сөздер айтып, (ұсақ бұзақылық болып табылады) қоғамдық тәртіпті бұзған. Соттың қаулысы бойынша азамат 5 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылып, Астана қалалық ІІД-нің арнайы қабылдау орнына орналастырылды.