Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, астаналық тұрғын бұзақылыққа басып, мысық пен оның марғауларын целлофанға салып, бесінші қабаттан көшеге қарай лақтырып жіберген. Мұның салдарынан үй жануарлары мертігіп қалған.
Алматы аудандық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі бойынша қалалық тұрғынды кінәлі деп тапты. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (57 мың теңге) айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.