Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша М-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Сот 2016 жылғы 13 қаңтарда М. мен онымен бірге тұратын Н. есімді әйелдің арасында жанжал шығады. Мас болған М. ашу үстінде жәбірленушіні ұрған және тұншықтырып өлтірген. Сот үкімімен М. айыпты деп танылып, оған қатаң режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.