Тергеу барысында анықталғандай, күдікті күндіз дәріханаға барған. Сол жерде келушілердің бірі ауырып, содан кейін еденге құлап түскен.
Қызметкерлер мен басқа келушілер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқан кезде күдікті осы сәтті пайдаланып, ер адамға тиесілі құны 100 мың теңгелік «Samsung» маркалы телефонын ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Одан ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.