Астана тұрғыны Исекешевке ашық жатқан қақпақтар бойынша шағымданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғыны елорда әкімі Әсет Исекешевке ашық жатқан құдық қақпақтарына (люктерге) қатысты шағымданды.



«Сіз бірінші суреттен қандай да бір күдікті нәрсені көріп тұрсыз ба? Жоқ, ол тіпті күндіз де көрінбейді. Ал енді менің аздаған бейнетүсірілімдерімді тамашалап көріңіз. Репост қойып, өз ісінде салақтық танытқан азаматтарға шара қабылдауыңызды сұраймын. Сізден өтініш, мұндай «қақпандардың» маңынан алаңсыз өтіп кетпеңізші»,-деп жазады өзінің Facebook-тегі парақшасында Астана тұрғыны Азамат Қарасартов.

 



Пост авторы ашық жатқан құдық қақпақтарының ЭКСПО аумағында екенін атап өтті. Бұл жазбаға Астана әкімі Әсет Исекешев жедел түрде үн қатты.

«Бұл құдықтарды бүгін жапты»,-деп жазды елорда әкімі.

Алайда, белгілі болғынандай, бұл Астана бойынша ашық жатқан жалғыз ғана қақпақ емес болып шықты. Мен жаңа ғана ашық жатқан тағы осындай құдықтарды суретке түсіріп алдым. Ол міне, үш тәуліктен бері ашық жатыр. Оны ақырындап қар басып жатыр. Ертең бұлар да көрінбей қалады. Сол күні «109» нөміріне хабарластым. Мен бұл жағдайға алаңдаулымын»,-деп жазды Азамат Қарасартов өзінің парақшасында.

«Шағымыңызды қабыл алдым», деп жазды елорда басшысы Әсет Исекешов Астана қаласы тұрғынының жазбасына.