Астана тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 12 шілде күні сағат 13.30-да елорда іргесіндегі Қырқыншы стансыда жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында Астана қаласының 45 жастағы тұрғыны өз еркімен полицияға есірткі затын тапсырған.

ҚР ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бекітілген сот-химиялық сараптама полицияға тапсырылған зат «гашиш» есірткі заты екенін дәлелдеген. Оның салмағы 4,46 грамм. Әлгі азаматтың айтуынша, ол есірткіні стансы теміржолының жанынан 3000 теңгеге сатып алған. Полиция тексеру жүргізуде.