Астана тұрғыны өз сайлау учаскесін WhatsApp және Telegram мессенджері арқылы біле алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 43 мыңнан астам астаналық сайлауда дауыс беру учаскелерін нақтылау үшін қала әкімдігінің қызметін пайдаланған, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

20 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Астана қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру учаскелерін нақтылау үшін тұрғындардың басым бөлігі - 22 мыңнан астамы әкімдіктің e.astana.kz электронды қызметтер веб-порталын («Сайлау учаскесчін іздеу» бөлімі) пайдаланған. Ал 19 мыңға жуық азамат 55-66-55 нөмірі бойынша қала әкімдігінің байланыс орталығына хабарласқан.

Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығы, e.astana.kz және аstana.gov.kz веб-сайттары, қала бойынша қоғамдық орындарда орналасқан ақпараттық дүңгіршектер, сондай-ақ, 1414 қысқа нөмірі бойынша SMS-сервисінен білуге болады. Сондай-ақ, осы аптада елорда әкімдігі қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін «пилоттық» режимде WhatsApp және Telegram қосымшалары арқылы хабар алмасу үшін интерактивті сервисін іске қосты. Оның нөмірі - 7 (747) 955 66 55.

Аталған сервис әр азаматқа сайлауда дауыс беру учаскесінің нөмірін, мекен жайын, телефоны мен сайлау учаскесі орналасқан ғимаратты көрсете отырып, дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты ұсынады, сондай-ақ, электронды карта арқылы ғимараттың орналасқан жеріне сілтеме береді.