Ер адам жапа шегушінің автокөлігін бензин құйып өртеп жіберген. Көздегенінің толық іске аспай қалғанын көрген ол қылмыс орынына қайта оралып, аталған темір тұлпарға қайтадан бензин шашып өртеп жіберген. Сөйтіп ол 602319 теңге залал келтірді.
Ол істеген қылмысын толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеді. Қылмысқа сотталушының жәбірленушіге қатысты жеке бас араздығы түрткі болған.
Сот үкімімен К. жоғарыда көрсетілген бап бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жазамен сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.