«Колледждің балалар алаңында жасөспірім шекілдеуік шағып, қабығын жерге лақтырған. Ол осы әрекетімен ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орынды ластады», - делінген хабарламада.
Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚтК 435-бабы бойынша айыпты деп танылды, оған 7 АЕК айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.