Астана түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы болады - Түркия Президенті А.Гүл
18:06, 16 Қыркүйек 2010
nbsp;ЫСТАМБҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Астана түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы болады. Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы Саммиті аяқталған соң болған баспасөз мәслихаты барысында Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл осылай деп мәлім етті.
«Саммит барысында экономикалық және сауда байланыстарының кеңею бағытына қызмет ететін Түркі іскерлік кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Түркі мәдениетін сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін Бакуде Білім беру қорын құру, ТҮРКСОЙ-дың Астананы түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы етуді жариялауы, Түркі академиясының аясында Астанада мұражай мен кітапхана ашу, университетаралық одақ қамқорлығымен ынтымақтастықты кеңейту көзделген», - деді А.Гүл.
Оның айтуынша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін арнайы қор құру, сондай-ақ қазанның 3-і күнін түркі тілдес елдердің ынтымақтастық күні етіп жариялау туралы шешім қабылданды.