«Саммит барысында экономикалық және сауда байланыстарының кеңею бағытына қызмет ететін Түркі іскерлік кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Түркі мәдениетін сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін Бакуде Білім беру қорын құру, ТҮРКСОЙ-дың Астананы түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы етуді жариялауы, Түркі академиясының аясында Астанада мұражай мен кітапхана ашу, университетаралық одақ қамқорлығымен ынтымақтастықты кеңейту көзделген», - деді А.Гүл.
Оның айтуынша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін арнайы қор құру, сондай-ақ қазанның 3-і күнін түркі тілдес елдердің ынтымақтастық күні етіп жариялау туралы шешім қабылданды.