Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.
Ағымдағы жылы Астана түркі әлемі мен достастықтың мәдени астанасы ретінде атап өтіліп жатқандығына тоқталған ол: «Жыл бойында «Жаңа мыңжылдықтағы жаңа астана» тақырыбымен фотосуретшілердің халықаралық кездесуі, мүсіншілердің бесінші кездесуі, қазақстандағы Әзербайжан күндері, фольклорлық би топтарының фестивалі, «Астана төңірегіндегі мыңжылдық» көшпелі өркениеті фестивалі жоспарланған», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, ТҮРКСОЙ-ға мүше 14 елдің арасында Қазақстан елордасы ең бірінші болып мәдени астана ретінде жарияланған. Осыған орай, жыл соңына дейін 30-ға жуық ауқымды іс-шараны ұйымдастыру жоспарланып отыр.