Осылайша, «Астана U-19» УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші кезеңіне шығып, енді загребтік «Динамо U-19» командасымен (Хорватия) кездеседі. Матчтар 7 және 28 қарашада өтеді. Елордалық команда бірінші матчты Астанада ойнайды.
Еске сала кетсек, Астанада өткен алғашқы ойында елордалық жас футболшылар 3:1 есебімен албаниялықтарды жеңген болатын.
«Влазния U-19» - «Астана U-19» - 0:4 (жалпы есеп - 1:7)
Голдар: Жантөре Жұмаділов 37, Сұлтан Сағынаев 61, 78, 89 пенальти.