Астана ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын өткізуге дайын

АСТАНА. KAZINFORM — Астана ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясын өткізуге дайын, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі ҰҚШҰ саммитінің алдында суреттермен бөлісті.

Фото: Ақорда

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады.

Фото: Ақорда

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин елімізге мемлекеттік сапармен келді.

Сонымен қатар, Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен келгені хабарланды.

Бұдан бөлек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың да келгені мәлім болды.

Бүгін Астана қаласына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келгені белгілі болды.