«Астана» үшінші рет Қазақстан кубогын ұтып алды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» Алматының «Қайратын» сырт алаңда өткен Қазақстан кубогының финалында 1:0 есебімен ұтып, үшінші мәрте кубок иегері атанып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Жуниора Кабананги 48 минутта елордалықтарға жеңіс добын тарту етті.

 

Бұған дейін Астана 2010 және 2012 жылдары Қазақстан кубогын алған болатын.

 

Осылайша Станимир Стойловтың шәкірттері осы маусымда «алтын дубль» орындап, ел чемпионатында да жеңімпаз атанып отыр. 

         

Соңғы жаңалықтар