"Астана" велоклубы 2011 жылғы маусымның Про-Тур лицензияcына ие болды

АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Астана" әлемдегі үздік 18 велоклубтың қатарында 2011 жылғы маусымның Про-Тур лицензияcына ие болды.

Халықаралық велосипедшілер одағы жариялаған тізімге - AG2R (Франция), Katusha (Ресей), Lampre-ISD (Италия), Quick Step (Belgium), Saxo Bank-SunGard (Дания), Team RadioShack (АҚШ), Garmin-Cervélo (АҚШ), Omega Pharma-Lotto (Бельгия), Rabobank (Нидерланды), Sky ProCycling (Ұлыбритания), The BMC Racing Team (АҚШ), HTC-Highroad (АҚШ), Liguigas-Cannondale (Италия), Luxembourg Pro Cycling Project (Люксембург), Movistar (Испания), Astana (Қазақстан), Vacansoleil-DCM Pro Cycling Team (Нидерланды), Euskaltel-Euskadi (Испания) еніп отыр.

"Астаналықтар" алғашқы жиынын қарашаның 29-ы мен желтоқсанның 4-і аралығында Италияның Монтекатини-Терме қаласында өткізбек. Команданың ресми тізімінде бекітілген 27 шабандоздың 11-і қазақстандық. Александр Винокуров бастаған қазақстандық кәсіби велоклубтың намысын алдағы маусымда италияндық Энрико Гаспаротто, Паоло Тиралонго, Франческо Маскиарелли, Мирцо Лоренцетто, чех Роман Крайцигер, ресейлік Евгений Петров, украиндық Андрей Гривко, хорватиялық Роберт Кисерловски, австриялық Аллан Дэвис пен Симон Кларк, француз Рем ди Грегорио, словакиялық Горазд Станжели, испандық Носеп Жуфре және швед Фредерик Кессиакофф қорғайтын болады.