10:42, 05 Мамыр 2009
«Астана» велоклубы Италия турына қатысады
АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандоздары мамырдың 9-31-і күндері Италия турында бақ сынайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда «Астана» намысын Андрей Зейц, Даниэль Наварро, Крис Хорнер, Леви Лейфамер, Лэнс Армстронг, Стив Морабито, Яни Брайкович, Ярослав Попович және Хосе Луис Рубьера қорғайды. Оларға клубтың спорт директорларынан Алэн Галлопин мен Вячеслав Екимов жетекшілік жасамақ. Жалпы қазіргі таңда «Астана» кәсіпқой велоклубының қоржынында спортшылардың түрлі деңгейдегі жарыстарда қол жеткізген 17 жеңісі бар. Оның 8-і Леви Лейфамердің, жетеуі Альберто Контадордың, екеуі Андреас Клёденнің еншісінде.